«Итальялық ресми құтқарушылар тобының мәлімдеуінше, сәрсенбі күнгі жер сілкінісінің салдарынан қар көшкіні болды. Оқиға орын алған аудандағы мейманхана тұрғындар қаза тапты», – деп хабарлайды BBC.com.
Құтқарушылардың Абруццо аймағындағы Гран-Сассо тауына жақын орналасқан сол мейманханаға жетуі қиын болған Итальяның БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, алғашқы құтқарушылар апат орнына шаңғымен тек 04:00-де ғана (Гринвич бойынша 03:00) жеткен. Көптеген ауылды аймақтарға жолдар жабылып қалған. Абруццодағы осы үлкен қар көшкіні Марке, Лацио аудандарында үлкен үрей тудырды.
Таудағы құтқарушы топтың басшысы Антонио Крочетта алғашында «Көп адам өлген» деп мәлімдеген. Себебі, ресми емес мәліметтер бойынша оқиға орнында 30 шақты адам болған. Мейманхана шатыры құлаған. Сол уақытта түгел қар басып қалған Rigopiano мейманханасында 27 адам, нақтысын айтсақ, 20 турист пен 7 қызметкер болғаны анықталды.
Белгілі болғандай бұл көшкіннен кейін бір адам із-түссіз жоғалып және бірі өмірімен қоштасқан.
Айта кетейік, дәл осы Абруццо ауданда 24 тамыз күні жер сілкінісі болып, салдарынан 298 адам қаза тапқан.
"The Qazaq Times"


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?