Түркия өз аумағына Қырым кемелерін кіргізбей қойды – деп жазды өзінің Facebook парақшасына Украина Бас прокуратурасының баспасөз хатшысы Лариса Сарган.
Оның сөзінше, қазан айының 6-сы күні Түркия билігі өзінің теңіз порттарына Қырым кемелерін ел аумағына кіргізуге шектеу қою керектігі жайында хаттар жіберген. Осыдан бастап Түркия порттары аймаққа келген кез келген кемеден қай жерден келе жатқандығы жайында құжаттар сұрайтын болған. Құжаттарына Қырым мөрі басылған кемелерге порт басшылығының қызмет көрсетуіне тыйым салынады. Бірақ Украина Бас прокуратурасының өкілі таратқан ақпаратты Түркия билігі ресми растамаған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Киевке ресми іс-сапармен барып, Украина басшысы Петр Порошенкомен кездескен болатын. Кездесу барысында Ердоған: «Біз Украина тәуелсіздігі мен тұтастығын қолдаймыз. Алдағы уақытта қандас бауырларымыз Қырым татарларының құқықтарын халықаралық деңгейде қорғайтын боламыз» - деп мәлімдеген.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?