ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынымы негізінде жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығына тиісті бақылауды қамтамасыз етпеу түрінде көрініс тапқан жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа сөгіс жарияланды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, кеше үкімет отырысында ҚР Премьер министрі Бақытжан Сағынтаев бензин тапшылығы болуына байланысты ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты орнынан босатып, министр Қанат Бозымбаевға сөгіс жариялау туралы Президентке ұсыныс жасалатынын айтқан.