«Белорусия мен Украинаның қос дизайнеры Жапонияның мәдени құндылықтарын қосып, жапондық «нағыз» мотоциклдің концепциясын жасап шығарды», – деп хабарлайды Naked-science.

Жаңа мотоцикл концепциясын украиналық Артем Смирнов және Владимир Панценко есімді белорус  дизайнерлер «Самурай» (Samurai) деп атады. Олардың айтуынша, нағыз жапондық дизайнның қандай екені осыдан байқалмақ.  Себебі, Күншығыс елінде соңғы уақытта өндіріліп жатқан автокөліктер мен мотоциклдер еуропалық стандартта жасалынған және оның жапондық өнім екендігін ажырату қиын.

Жапондық ұлттық дизайн жеті негізгі эстетикалық принциптерге негізделген: қарапайым, динамикалы, теңдестірілген ассиметрия, табиғилық, құпиялылық, еркіндік, ұстамдылық. Осы принциптерді ескере келе, дизайнерлер жапондықтардың табиғатына сай келетін «нағыз» мотоцикл концепциясы дайын болды. Сонымен қатар, бұл жұмыстарына жапониялық анимациялық техникаларын қосуды да ұмытпаған.

Өкінішке орай, аталмыш концепция мотоцикл ретінде ерекшеленбейді. Дизайнерлік қиялдан туған жапондық стильдегі жұмыс қана. Дизайнерлер тек сыртқы формасы мен әдемілігіне ғана мән берген. Сол себепті де, оны қалай жүргізіп, немен жұмыс істейтіні және транспорт ретінде қашан қолданысқа енетіні белгісіз.

«The Qazaq Times»