Мысырда 13 адам өлім жазасына кесілді – деп хабарлайды Al-Arabiya ақпарат көзі.
Агенттіктің мәліметінше, қазан айының 8-і күні Мысыр қылмыстық соты елде «Мысыр легионын» құрмақшы болды деген айыппен қамауға алынған 13 адамды кінәлі деп танып, өлім жазасына кескен. Сот шешімі муфтият келісімін бергеннен кейін, желтоқсан айының 7-сі күні өз күшіне енетін болады. Аталмыш іс бойынша 44 адам ұсталған. Оларға 2013-2015 жылдары аралығында Гиза және Кайр қалаларында қарулы шабуыл жасады және Гиза қаласының ұлттық қауіпсіздік басқармысының басшысы мен полиция генералын өлтірді деген айып тағылған.
Бұған дейін Иракта 2014 жылы «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының құрамында жүріп 1700 адамды өлтірді деген айыппен ұсталған 27 адам өлім жазасына кесілген болатын. Жалпы Мысыр, Ирак, Иран, Қытай сынды мемлекеттер әлем бойынша өлім жазасын жиі қолданатын мемлекеттердің қатарына жатады.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды