Сауд Арабиясының королі Салман әл-Саудтың Мәскеу сапарына байланысты АҚШ-тың орта шығысқа қаратқан саясатында да белгілі дәрежеде өзгеріс болды. АҚШ Мемлекеттік департаменті таратқан мәліметте Құрама Штаттың қорғаныс күштері ендігі жерде Шығанақ елдерімен әскери жаттығу өткізбейтін болып шешкен. Бұл туралы Associated Press ақпараттық агенттігі жазды.
Құрама Штаттың Шығанақ елдерімен болатын әскери жаттығуды тоқтату шешімін жария етуі, тікелей Сауд Арабия патшасы мен Путиннің кездесуіне берген жауабы деуге болады. Тіпті осыған дейін Катар дағдарысы кезінде Доха әкімшілігін айыптап келген Уашингтон ендігі жерде Катар әмірлігіне деген позициясын да өзгерте бастады. Шығанақ елдерімен бірге жасасатын кейбір әскери оқу-жаттығуларын күшінен қалдырғалы отыр.
Барлық елдердің ақпарат құралдарына белгілі болғанындай, Уашингтонның бұл шешімі король Салман ибн Абдул Азиз әл-Сауд пен Владимир Путиннің кездесуінен кейін болған С-400 зымыранынан қорғану жүйесін сатып алу-сату келісіміне қарсы шығарылғаны анық.