Алдағы бінеше онжылдықта Аустралиядағы ауа температурасы 50 градусқа дейін көтеріледі. Бұл Париж келісіміне сәйкес, жаһандық жылыну процесі индустриалды кезеңге дейінгі деңгейден 2 градусқа жоғары дәрежеде тұрақтап, барлық шектеулер орындалса да болатын жағдай. Мельбурн университетінің ғалымдарының Geophysical Research Letters журналына жариялаған осы болжамдары туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
Зерттеу жұмыстары Виктория және Жаңа Оңтүстік Уэльс аймақтарында жүргізілген. Соған қарамастан, ғалымдар зерттеу нысанына ілінбеген өзге өңірлерде де температура көтерілетінін айтады. Метеорология бюросының ұсынған деректеріне сәйкес, 2013 жылы Сиднейде 45,8 градус, ал 2009 жылы Мельбурнда 46,4 градус температура тіркелген.
Зерттеушілердің қорытындысы бойынша, Аустралиядағы 50 градустан жоғары температура 2040-2050 жылдар аралығында болады. Ең ыстық жаз деп тіркелген 2015 жылдың көрсеткіші 2025 жылы орташа температураны құрауы мүмкін.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?