Ирак үкіметі Күрд автономиясына бағытталған барлық саяхаттарға тыйым салды. Ирак Туризм басқармасы шешім Күрд автономиясының дүйсенбі күні өткізген референдумына байланысты жасалған шара екенін атап өтті. Бұл туралы «Атанолы» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Ирак Туризм басқармасының төрағасы Махмуд әл Зүбейди: «Бағдаттағы және елдің оңтүстігі мен орталық аймақтарындағы туристік фирмалардың Ирак күрд автономиясындағы қызметі тоқтатылды», - деп мәлімдеген. Әрі ел азаматтарының қазіргі кезде күрд автономиясына саяхаттай барудан алаңдайтынын да айтып өтті.
Махмуд әл Зүбейди сөзінде: «Алдағы уақытта шетелдік туристік компаниялар және әуе компаниялары да күрд автономиясына бағытталған сапарларын тоқтататын болады. Бұл аймақтың оқшаулануға ұшырағанымен бірдей. Ендігі жерде Ирак бұрынғыдай күрд автономиясына туристер тарта алмайды», - деді. Айта кетейік, туризм – күрд автономиясының екінші табыс көзі болып саналады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?