Ресей президенті Владимир Путин Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанға рахмет айтты - деп хабарлайды РИА Нововсти ақпарат агенттігі.
Владимир Путин қыркүйектің 28-і күні Түркия астанасы Анкара қаласында Режеп Тайып Ердоғанмен өткен кездесуден кейін: «Мен Түркия президентіне рахмет айтқым келеді. Ресми Анкара билігі бүгін бізді өте жылы қабылдады. Режеп Тайып Ердоғанмен өткен бүгінгі кездесу жемісті болды деп есептеймін» - деген.
Естеріңізге салайық, Владимир Путин қыркүйектің 28-і күні Анкараға ресми іс-сапармен барған болатын. Ол онда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесіп, Сүрия мәселесі бойынша келіссөздер жүргізген.