Түркия қарулы күштері Стамбұл қаласында лаңкестікке қарсы арнайы операция өткізді.
Report ақпарат агенттігінің мәліметінше, арнайы операция бір уақытта Стамбұл қаласының тоғыз ауданында жүргізілген. Операция барысында «Күрдістан жұмысшылар партиясы» лаңкестік ұйымының 20 мүшесі қолға түсіп, олардан бір тапанша, он сигналды зымыран және терроризмге үгіттейтін кітаптар мен жазба материалдар тәркіленген. Кейінен қолға түскендер арасынан 4 адам босатылған.
Ресми Анкара Ирак Күрдістанында өткен референдумнан кейін ел аумағында қауіпсіздік шараларын күшейткен. Ал Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ирак Күрдістаны автономиясының басшысы Масуд Барзаниді аймақта ешкімнің келісімінсіз референдум өткізгені үшін қатаң сынға алған болатын.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды