Ресей және Қытай ақпараттық құралдары, Пәкістанның арандату әрекетіне қарсы, Үндістан жақ ауыр әскери қару-жарақтарын Үндістан мен Пәкістанның шекарасына орналастырып жатқанын хабарлаған. Әрі Пәкістан жаққа «террорлық әрекеттерді жүзеге асыру үшін шекараны кесіп өтпеу» туралы қатаң ескерту жасаған. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты жазды.
Ресей мен Қытайдың «Спутник», «Шинхуа» агенттіктерінің хабарына қарағанда, соңғы кездері Үндістан-Пәкістан шиеленісі өршіп келеді. Қақтығыс туылуы мүмкін Кашмир аймағында Үндістан армиясы он жылдық тәжірибелерін қайта іске қосып отыр. Яғни, танктер және брондалған жауынгерлік көліктермен жабдықталған әскерлерді аталған аймаққа жеткізіп, Пәкістан жақтың барлық әскери қимылына жауап беруге әзірлеген.
Мәліметтерге сүйенсек, екі ел шекарасына Үндістан армиясының 10-шы атқыштар дивизиясы жеткізілген. Бұл дивизия Үндістан-Пәкістан арасындағы қақтығыстарда сыннан өткен, соғыс тәжірибесіне ие қосын саналады. Оның бұрынғы жаяу әскерлер қатары толықтырылған. Бұлар күшті жауынгерлік қабілетке ие, әрі ядролық, химиялық шабуылдарға да тез бейімделе алатын қосын деп аталған. Бұларға қоса Үнді-Пәкістан шекарасына 100 дана Т-72 танкі және 100 ресейлік механикаландырылған броне-техникасын орналастырған.
Үндістан армиясының бұл қадамы соғысқа бүтіндей әзірлігін танытып отыр. Әрі Пәкістан жаққа ескерту жасап, арандату және террорлық мақсаттарды жүзеге асыру үшін екі ел шекарасынан кесіп өтпеуін айтты. Алайда, Пәкістанның БҰҰ-дағы өкілі мәлімдеме жасап, «Үндістанның қазіргі басшысы Нарендра Моди үкіметінің Нәсілшілдік пен фашизм идеологиясы қалыптастырды» деп айыптады. Ол және Үндістанның барлық көршілеріне бағытталған терроризмді қаржыландырып отыр деп жазғырды. Пәкістан жақ халықаралық қауымдастықты Кашмир жағдайын оңды шешуге шақырды. Әрі Үндістанның екі ел арасында қол қойған атысты тоқтату келісімін бұзуына жол бермеуін сұрады.