Құрама Штаттың келесі жылғы қорғаныс бюджеті әлем елдерін тіксіндірді. АҚШ Сенаты 2018 жылғы Құрама Штаттың қорғанысқа бөлген бюджеті 692 миллиард доллар болады деп бекітті. Бұл туралы «Шинхуаның» ресми сайты жазды.
АҚШ Сенатында 89 мүшесі қолдап, 8 адам қарсы дауыс берген. Осыдан бұрын, Өкілдер палатасы 2018 жылдың бюджеті заңына қол қойған болатын. Заң жобасын президент Трамптың мақұлдауына жібермес бұрын, консультацияға қатысу үшін екі конференция комитетінің қайта қаруына тапсырылған.
Сенаттың 2018 қаржы жылындағы қорғаныс заңына сәйкес, Пентагон қару-жарақ дамыту және сатып алу үшін 640 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі қаржыны алады деп белгіленген. Бұның ішінде әскерлердің жалақысын төлеу және тағы басқа да жұмсалатын қаржылар да қамтылған.
Мәліметтерге қарағанда, АҚШ-тың Ауғанстандағы, Ирак пен Сүриядағы әскерлеріне бөлінетін қаржы көлемі 6 млрд АҚШ доллары көлемінде болады.
Осыған дейін де АҚШ-тың қорғаныс бюджеті 640 млрд доллар болып келген. Бұл сандағы қаржы өзінен кейін қорғанысқа мол ақша жұмсайтын 8 елді қосқанда АҚШ-қа пара-пар келмейтін еді.