Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Владимир Путиннің тапсырмасымен Сүрия басшысы Башар Астадпен кездесті.

РФ қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Сергей Шойгу қыркүйектің 12-сі күні Сүрия астанасы Дамаск қаласында Владимир Путиннің тапсырмасы бойынша Башар Асадпен кездескен. Кездесу барысында қос тарап екі ел арасындағы әскери-техникалық әріптестікті дамыту мен Сүрия тұрақтылығы жайында әңгіме қозғаған.

Естеріңізге сала кетейік, Ресей Федерациясы осы уақытқа дейін Башар Асад билігін қолдап келеді. Мәскеу ресми Дамаскіні 2014 жылдан бері қару-жарақпен қамтамасыз етіп, елдің әуе қорғанысын бақылауда ұстап отыр.

“The Qazaq Times”