Ресей Украина шекарасы маңында әскери оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуді бастады - деп хабарлайды РИА Новости ақпарат агенттігі.
Агенттіктің мәліметінше, Ресей Федерациясының Кубан қаласында орналасқан нөмірі 49-шы әскери бөлімі Украина шекарасына жақын жерде әскери оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуді бастаған.
Кубан әскери округі баспасөз қызметінің басшысы Вадим Астафьевтің айтуынша, оқу - жаттығу жұмыстары Краснодарск, Ставропольск облыстарының аумағында өтуде және оған 700-ге жуық сарбаз бен 200-ден астам әскери техника қатысуда.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Ресейдің оңтүстігі мен аннексияланған Қырым аумағында үлкен көлемдегі әскери оқу-жаттығу жұмыстары жүргізіледі деген ақпарат тараған болатын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?