Қазақстанда электр көліктерін қуаттайтын бекеттер желісін орнату жұмыстары басталды. Бұл туралы "Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы" (ӨКМ Операторы) ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.
Пилотты жоба бойынша алғашқы қуаттау құрылғылары Алматы мен Астана қалаларының аралығында жеке инвестиция тарту арқылы орнатылады.
«Қазіргі уақытта Энергетика министрлігі пилоттық жобаның шеңберінде электр көліктерін қуаттайтын станциялардың инфрақұрылымын құру мәселесін қарастырып жатыр. Инфрақұрылым бойынша Астана мен Алматы аралығында жыл соңына дейін 100-ге жуық электр көліктерін қуаттайтын құрылғылар орнатылады", - делінген компания хабарламасында.
Жаңадан орнатылатын құрылғылар электрокарларды 1 және 4 сағат аралығында қуаттайды. Ал Қазақстанда шамамен 200-ден аса электромобиль бар.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды