Франция бензинмен жүретін көліктерден бас тартпақ. Енді жергілікті дәстүрлі көлік өндірушілердің проблемасына айналайын деп тұр.
Financial Times агенттігінің жазуынша, Франция билігі 2040 жылдан бастап дизель және бензинмен жүретін көліктердің сатылымына тыйым салады. Мұндай пікірді елдің экология жөніндегі министрі Николя Юло айтқан. Алайда әзірге мұның қалай жүзеге асатыны белгісіз.
Сондай-ақ, ол Renault және Peugeot Citroen көліктерін өндірушілерге де үлкен проблема болатынын мойындап отыр.
Электр көліктерінің сатылымына келер болсақ, 2016 жылғы сатылған электрокарлардың үлесі 1 пайызға жетер жетпес. Дегенмен 2017 жыл басталғалы бері мұндай көліктердің танымалдығы артып келеді. Осы жылдың қаңтар-наурызында сатылым көлемі 40%-ды құраған немесе шамамен 191,7 мың электркөлік сатылған.
Ал егер сатылым осындай қарқында сақталатын болса 2030 жылға қарай көліктердің 80 пайызы электр қуатымен жүретін болады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі