6 қыркүйек күні Пентагонның лауазымды тұлғасы АҚШ-тың Ауғанстанға 3500 әскери жіберетіні жөніндегі мәліметті толықтай растады. Сонымен АҚШ-тың Ауғанстанда 14 мың 500 жауынгері бар. Ауғанстандағы әскери күштердің санын ұлғайту Дональд Трамптың Оңтүстік Азия және Орта Шығыстағы саясатының маңызды бір бөлегі саналады. Бұл туралы «Шинхуа» агенттігі хабарлаған болатын.
Ал, Reuters агенттігінің 6 қыркүйектегі хабарында, атын айтқысы келмеген бірнеше АҚШ лауазымдыларының сөзіне сілтеме бере отырып, Қорғаныс министрі Жеймс Матисс, Бірлескен штаб төрағасы Жозеф Данфорд, Мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсон және Ұлттық барлау жөніндегі директор Дэн Котц парламенттің кейбір мүшелерімен бас қосып, Ауғанстандағы Трамптың жаңа стратегиясының негізгі элементтері туралы кеңес өткізгені туралы хабарлаған еді.
ABC арнасына берген мәліметінде де Рекс Тиллерсон Ауғанстанға жіберілетін әскерлер саны 3500 екенін растады. Алайда, Пентагонның қызметкерлері бұл істен бейхабар екенін айтады.
2001 жылы 11 қыркүйекте болған оқиғадан кейін, АҚШ үкіметі Усама бен Ладен жетекшілігіндегі «әл-Каида» ұйымына қарсы әскери әрекетке шешім қабылдады. Алғашқы адымда АҚШ-тың 100 мыңнан астам әскері Ауғанстанға кірді. Алайда, бұл қадамнан кейін АҚШ үкіметіне ішкі-сыртқы қысымдар артып кетті. Көптеген адамдар үкіметке бұл қымбат әскери әрекетті тоқтатуға ұсыныс тастады.
2014 жылдың соңында, АҚШ-тың жетекшілігіндегі Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы Ауғанстандағы Халықаралық Қауіпсіздік Көмек күші жедел миссиясын аяқтады. Ауғанстанның қауіпсіздік күштері жаттығулары мен құрал-жабдықтармен қолдауға ойысты. Бастапқы жоспарға сәйкес, Ауғанстандағы АҚШ әскерінің саны 2016 жылдың соңына қарай 1000 адамға дейін қысқартылатын болған. Бірақ бұл қысқартуды АҚШ-тың бұрынғы президенті бірнеше рет бәсеңдетіп келді.
«Рейтер» агенттігі хабарына сүйенсек, Ауғанстан соғысында АҚШ-тың 2300-ден астам жауынгері қаза тапқан және 17 мыңнан астам адамы жарақат алған екен.