Франция 2040 жылға қарай мұнай мен газ өндірісінен бас тартатын әлемдегі алғашқы мемлекет болуы мүмкін. Мемлекет дизель және бензинмен жүретін автокөліктер саудасын да тоқтатуды да жөн көреді.
Сentralasian.org сайтының мәліметінше, Үкімет қарауына түскен заң жобасы бойынша, енді Франция ел аумағында жаңа кен орындарын ашуға лицензия беруді біртіндеп азайтуды жоспарлап отыр.
Осылайша климат жөніндегі Париж келісімін орындау мақсатында Франция 2022 жылға таман көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциясынан бас тартады, бұған қоса электр қуаты өндірісіндегі атом электр станцияларының үлесі 50 пайызға дейін азайтылмақ.