Солтүстік Корея әскері елдің батыс жағалауына баллистикалық зымырандарын тасмалдауда, деп хабарлайды Reuters ақпарат агенттігі.
Reuters мәліметінше, әскерлер зымыран тасымалын қыркүйектің 3-нен 4-не қараған түні жүзеге асырған. Солтүстік Кореяның мұндай қадамдарға баруының басты себебі елдің батыс жағалауында зымыран ұшыратын құрылғы орналасқан.
Оңтүстік Кореялық БАҚ өкілдерінің таратқан ақпаратына сүйенсек Пиоңяң (Пхеньян) келесі зымыранын батыс жағалаудағы сынақ алаңынан ұшыруы мүмкін. Бірақ Оңтүстік Корея қорғаныс министрлігі бұқаралық ақпарат құралдары таратқан бұл ақпараттарды ресми түрде растай алмайтынын мәлімдеген.
Естеріңізге салайық, қыркүйектің 3 күні Солтүстік Корея 100 килотонналық сутегі бомбасын сынақтан өткізген болатын.















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды