Zara компаниясының негізін қалаушы Амансио Ортега Forbes миллиардерлерінің әлемдік рейтингінде бірінші орынға шықты. Оның қаржысы 85 млрд долларды құрайды.
Ал бұған дейін әлемдік миллиардерлердің көшін бастаған Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс екінші орынға жайғасты. Оның қаржысы 81 жастағы Ортеганікінен 200 млн долларға кем болған.
Өткен шілде айында Ортеганың қаражаты 1,2 млрд долларға көбейген. Ал Билл Гейтс пен үшінші орындағы Джефф Безостың қаражаты керісінше азайған.
Билл Гейтс Forbes тізімінде бұған дейін де бірінші орынды сақтап қала алмаған. Шілде айының соңында бірінші орынға Amazon компаниясының атқарушы директоры Джефф Безос шыққан. Алайда ол бірінші орында тек бір тәулікке жетер жетпес уақыт тұрды.
Қазіргі кезде әлемегі ең бай адамдардың алғашқы бестігіне Ортега, Гейтс және Безостан бөлек инвестор Уоррен Баффетт пен Facebook-тың негізін қалаушы Марк Цукерберг кіреді.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?