Маңғыстау облысының «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында темірбетон өнімдерін шығаратын зауыт ашылды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың сөзінше, жобаның қуаттылығы тәулігіне 150 дана тетрапод шығаруға жететін болады. Өнімді дайындауға негізгі шикізат аймақтағы өте көп құм, цемент, қиыршақ тас және арматура пайдаланылады
Зауыт аумағында 200 жұмыс орнын ашу көзделген. Жобаға 768 млн теңге инвестиция тартылады.
Сондай-ақ, зауыттың басқалардан артықшылығы - бетонның бағасын арзандататын жаңа технология қолданылады.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?