АҚШ Тынық мұхиты жетінші флоты мәлімдеме жасап, 21 тамыз күні Сингапурға таяу маңдағы бұғазда соқтығысқан «Маккейн» кемесінде қаза болған 10 адамның мүрделері табылғанын айтты. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлайды.

Апатта қаза болған америкалық әскерлер. Фото: American Military News.
Жақында ғана АҚШ-тың Тынық мұхиттағы күштерінің «Маккейн» атты кемесі, Сингапурға таяу маңдағы бұғазда жүк тасыған кемеге соғылып, ауыр зақымдалған болатын. Жүк кемесі жауынгерлер тұратын бөлме тұсынан соғылғандықтан, ішіндегі 10 америкалық әскердің қаза болғаны туралы хабарланған. Бұл соңғы жылдары АҚШ-тың Тынық мұхит флотында туылған ең көп өлім-жітім оқиғасы болып табылады.
Осыдан бұрын АҚШ-тың және басқа да бір қатар батыс елдерінің ақпарат құралдарында, АҚШ кемелерінің арт-артынан апатқа ұшырауына Қытайдың қатысы бар деген болжамдар жарияланған болатын. Олардың айтуынша Қытай жақ хакерлік шабуылдар арқылы АҚШ кемесінің радарын істен шығарған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті