Қытай мен Корея ақпарат құралдарының хабарына қарағанда, Ресей бір уақытта АҚШ-тың Шығыс Еуропадағы және Солтүстік Шығыс Азиядағы жақтастарына арнаулы «конкурс» жүргізіп отыр екен. Ресей Қорғаныс министрлігі 24 тамыз күнгі хабарында: «Жапония мен Оңтүстік Кореяның жауынгерлік төтенше жағдайына жауап қайтару мақсатында, Ресейлік ядролық стратегиялық бомбалаушы ұшақ Тынық мұхит сулары бойынша миссияларды жүзеге асырады» - делінген. Сонымен бір уақытта Ресей келесі айда жоспарланған «Батыс 17» әскери жаттығуға дайындалуда. Бұл туралы Қытайдың «Шинлаң» ақпараттық агенттігі жазған болатын.
Ресей Қорғаныс министрлігінің 24 тамыздағы хабарламасында, Ресейдің ТУ-95MS бомбардирі, Су-35S жауынгерлік ұшағы және А-50 қауіптің алдын-алу ұшақтары Тынық мұхитының бейтарап суларына аттандырылады. Дегенмен, ресейлік тарап қанша әуе кемесінің аталған операцияға тартылғанын, тапсырманың уақыты мен орны туралы анықтап айтып отырған жоқ.
Ресей жағдайына қарағанда, ТУ-95MS стратегиялық бомбалаушы ұшағын іске қосу дегеніміз бейжай қарауға болмайтын әскери әрекет. Оның бұл әскери техникасы кеңістігіне таяп кеткен елдің ұйқысы қашуы керек.
Корей түбегіндегі болып өткен Америка Құрама Штаттары мен Оңтүстік Корея бірлескен «Еркін қорғаныс» әскери жаттығуы өңірде үлкен дүмпу тудырды. Дегенмен мынаны да ескеру керек, Ресей жақтың қазіргі кіріскелі отырған әскери әрекеті де шиеленісті ауырлата түспесе жеңілдетпейді. АҚШ пен Ресей екі майданда да бір біріне жол бергісі келмейді.
Бұдан сырт, 4 жылда бір рет өтетін «Батыс» әскери жаттығуы, Ресей мен Белоруссия арасында, келесі айдың 14-20 аралығында болмақ. Мәскеудің таратқан мәліметіне сенсек, бұл жәй ғана әскери жаттығу, ол және АҚШ-тың Ресейге қаратқан санкциясымен еш қатысы жоқ екен.
Осымен бір уақытта, яғни қыркүйек айында Чехияда «Үлкен стейк» жаттығуы өтеді. НАТО-ның осы туралы хабарында, 8 мемлекеттен 30-дан астам ұшақ қатыстырылады. Тікұшақтар мен ұшқышсыз ұшақтар да тартылады. Осы айдың 28-інен бастап қыркүйекке дейін оқтар жиі атылып, әуе мен жерде әскери техникалар Ресейдің шығыс-батысында сабылысқалы тұр.
АҚШ пен Ресейдің бір-біріне әскери айбар шегуі бұнымен шектелмейді. Бірер күн бұрын ғана B-1 және B-52 бомбалаушы ұшақтары Ұлыбританияға ұшып барды. Олар ағылшын аралында аялдап, соңында Словакия мен Польшаға ұшатын болады. Бұл да Чехиядағы әскери жаттығуға бара жатқаны анық.