Осыдан бұрын Түркия НАТО-ның қарсылығына қарамастан, Ресейдің S-400 қорғаныс жүйелерін сатып алмақ болғаны туралы айтылған еді. Бір күн бұрын Ресей Түркия жақтың сатып алу талабына жауап қайтарды. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлады.
Ресейдің Федералдық Әскери техникалық ынтымақтастық бөлімшесінің бастығы Дмитрий Шугаев Түркияға S-400 қорғаныс жүйесін сатып беру туралы келіссөздерге келісім беретіндерін, әрі бұл келісімдерде Ресей жақ геосаяси стратегиялық мүдделерді қамтамасыз ететіндерін білдірді.
Әскери техникалар форумы «Армия-2017» отырысында сөз алған, Дмитрий Шугаев сөзінде: «Ұзақ қашықтықтағы әуе қорғаныс жүйелерін тасымалдау тақырыбында Түркиямен келіссөздер жалғасын табуда», – деді.
Ал, Ресейдің мемлекеттік қару экспорты фирмасының басшысы Түркия жақпен S-400 қорғаныс жүйесін тасымалдау туралы келісімшарттардың жасалып болғанын, тек қол қойылуын күтіп тұрғандарын айтты.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі