Бір күн бұрын Иран Атом Энергия Ұйымының төрағасы Салиси ескерту жасап, егер Құрама Штаттар ядролық келісімді бұзса, Иран небәрі 5 күн ішінде байытылған уранды өндіре алатынын мәлімдеді. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Салиси сөзінде: «Егер Иран бекем жасайтын болса, ұзағанда 5 күн уақыт ішінде, «Fernault» атом электр станциясында байытылған уранның 20%-ға дейінгі концентрациясын қайта шығара алатын қуатқа ие. Бірақ, Иран бұндай әрекеттің тууына үміт етпейді. Иран тарапының басты басымдығы – ядролық мәселе бойынша келісімге келу», – деді.
Олай болса Иранның ядролық келісімінде нелер айтылып еді?
Алты елмен (АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Германия, Франция) Иран ядро өндірісін қару-жараққа пайдаланбауға уәде берген. Сонымен бірге, алдағы 15 жылда тек 300 килограмға дейін байытылған таза уранды 3,67% -дан артық сақтамауға, барлық ядролық бағдарламаларды бейбіт мақсатта қолдануға келіскен.
БҰҰ қауіпсіздік кеңесі бекіткен қару-жарақ эмбаргосына қол қойғаннан кейін 5 жыл ішінде жарамды, ал, 8 жыл ішінде Иранға баллистикалық зымыран технологиясын экспорттауға тыйым салу жалғасады, сонымен бірге, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) Ирандағы ядролық нысандарды 25 жыл бойы өз бақылауынан шығармайтын болып келіскен.
Иран ядролық дауының қайта туындауы неден басталды?
АҚШ президенті Трамп сайлаудан бұрын да Иранмен болған ядролық келісімді күшейту туралы бірнеше рет айтқан болатын. Трамп Иранның орта қашықтағы зымырандары АҚШ-тың қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп қарайды. Сондықтан да шілденің соңында жарияланған санкция шешімі қатарында Иран да басты орында тұрды. Бұған Иран жақ «Трамп Иранның алты елмен жасасқан ортақ қадам келісімін бұзды» деп сын тақты. Қазіргі таңда Иран Трамптың осы саясатын сылтау етіп, ядролық бағдарламаларын қайта қолға алуға да күш салатыны байқалады.
АҚШ Иранның Орта-Шығыстағы ядролық ықпалын шектеуді, өңірдің қауіпсіздігіндегі маңызды бір бағыт етіп ұстанған. Десе де Иранның біршама дамыған орта қашықтағы зымырандары АҚШ-тың Парсы шығанағы және Орта-Таяу Шығыстағы базаларына қауіп төндіруінен алаңдайды.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді