Қытай ақпараттық құралдарының хабарлауына қарағанда, жақында ғана Ресейдің Сүриядағы Башар Асад режиміне болысып, «Ислам мемлекеті» (IS) террорлық ұйымына қарсы жүргізген әуе шабуылдарынан 200 террорист өлтірілген. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлап отыр.
Әуе күштерінің операциясы Деир әл-Зурдағы террорлық күштердің базасына жасалған. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, жақында Деир әл-Зурдағы IS-тың базасына қару-жарақ және адам тасыған көліктер келіп кірген. Бұл базаларға жасалған әуе шабуылынан шамамен 200 террористің жойылғаны мәлім болған. Бұлардың бәрі де Мосул соғысынан жеңіліс тауып, Ирактан Сүрияға қашып келген террорлық топтың мүшелері деген дерек бар.
Қазір Ресейдің әскери күштері жәрдемімен Сүрия режимі көптеген қалаларды террорлық күштерден қайтарып алуда. Бірақ, Ирактағы ДАИШ-ке қарсы соғыс тебіні артқан сайын, Сүрияға паналауға келетін лаңкестік күштер саны жағынан көбеюде.
Қатысты ақпараттарға сенсек, осы айда ресейлік әуе күштері үлкенді-кішілі 990 рет әуе шабуылы операциясын жүзеге асырған. Террорлық топтан 40 брондалған автокөлікті талқандап, 100-ден аса көлік пен 800-ден аса террорлық топ мүшесін жойған.