Иран ақпарат құралдарының хабарлауына сенсек, 2017 жылдың басынан бері Израиль әскерлері 3800 палестиналық азаматты қамауға алған. Бұл туралы Палестинаның Тұтқындар мәселесі жөніндегі арнаулы комитеті мәлімдеп отыр, деп жазды «Парс.Ақпарат» агенттігінің сайты.
Палестинаның Тұтқындар ісі жөніндегі комитет төрағасы Иса Карака мәлімдемесінде: «Израиль әскерлері палестиналық азаматтарды тұтқындау арқылы олардың бүтін отбасы мүшелерін жазалап отыр. Бұл олардың барлық Палестина қоғамына деген жаулығы. Бұл әрекеттері халықаралық заңға қайшы. Израиль бұл қадамы арқылы соғыс қылмысын өткізді», – деді.
Аталған үкімет осы іс турасында Батыс елдері мен Халықаралық қауымдастықтардың үнсіз отырғанын сынға алды. Палестинаның «ал-Замир» адам құқығын қорғау ұйымының берген мәліметінде: «7 мыңнан аса палестиналық аса ауыр жағдайда қамауда отыр», - делінген.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі