Ресей президенті Владимир Путин Херсонесте «орыс Меккесін» құруды ұсынды.
Владимир Путин аннекцияланған Қырымға ресми іс-сапарында: «Бұл жерге орыстың, Ресейдің Меккесін құру керек. Бұл жерде мәселе Владимир князьдің шоқынғандығында емес, мәселе дәл осы жерде Ресейдің орталықтанған мемлекетінің құрылуында. Қазір біз отырған жер біздің елімізге, ұлтымызға, мемлекетімізге өте маңызды» - деген.
Бұдан бөлек Владимир Путин алдағы уақытта Севастополь қаласын қалпына келтіріп, барлық инфрақұрылымдарын жаңарту керек екенін айтқан.
Ал Украина билігі Владимир Путиннің Севастополь қаласына ресми іс-сапармен келуіне байланысты Ресейге қарсылық нотасын жіберген.