Ұлыбритания патшайымы II Елизавета патша тағынан кетпек. Ол баласы Чарльздің патша болуы үшін осы шешімді қабылдаған.
BBC-дің хабарлауына қарағанда, патшайымның тақты босату құжаттық жұмыстары басталып кеткен. 92 жастағы Ұлыбритания патшайымы Елизавета 95 жасында патша тағын ұлы Чарльзге босатып беру шешіміне келген.
Елизавета Александра Мария 1926 жылы 26 сәуірде дүниеге келген. Патша тағына 1952 жылы әкесі VI Георг қайтыс болғаннан кейін отырған. Ол Ұлыбритания және оған қарасты 15 мемлекеттің патшайымы болып саналады. Олар Австралия, Антигуа, Барбуда, Багам аралдары, Барбадос, Белиз, Гренеда, Канада, Жаңа Зеландия, Папуа, Жаңа Гвинея, Сент-Винсент, Гренадинер, Сент-Киттс пен Невис, Сент-Люсия, Соломон аралдары, Тувалу, Ямайка қатарлы елдер.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы