"Халықаралық Алматы әуежайы" АҚ-ның табысы салық төленгеннен кейін 2017 жылдың қаңтар-маусымында 2 трлн теңгеден сәл жоғары болды. Ал бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 35,7 пайызға төмен болып отыр. Өткен жылғы көрсеткіш 3,1 трлн теңгені құраған болатын.
Әуежайдың қысқа мерзімді активтері 15,93 трлн теңгені құрады. Ал өткен жылдың жарты жылдығында бұл көрсеткіш 9,9 трлн теңге болған. Осылайша қысқа мерзімді активтердің өсімі 60,4 пайызды құрады. Ал ұзақ мерзімді активтер биылғы жарты жылдықта 7,9 пайызға немесе 59,8 трлн теңгеден 55,1 трлн теңгеге дейін қысқарған.
Әуежайдың қысқа мерзімді міндеттері қаңтар-маусым айында 2,4 есеге өсіп, 3,8 трлн теңгеден 9,4 трлн теңгеге дейін жетті. Ұзақ мерзімді міндеттер 19,5 есеге қысқарды. 2016 жылдың бірінші жарты жылдығындағы 6,6 трлн теңге көрсеткішке ие болса, осы жылдың алты айында бұл 338,8 млн теңгеге дейін қысқарған.
Алматы әуежайының жарғылық капиталы 78,41 млн теңге деңгейінде өзгеріссіз қалды.
"Халықаралық Алматы әуежайы" АҚ-ның жалғыз акционері «Venus Airport Investments B.V.» компаниясы және акционерлік қоғамның жарғылық капиталы 78 414 мың теңгені құрайды . Әуежайда жолаушылар тасымалы бойынша 28, жүк тасымалы бойвнша 9 әуекомпания жұмыс істейді.