Иракта ДАИШ күштерінің соңғы бекінісі саналатын, елдің солтүстігінде орналасқан  Талль-Афарды қайтарып алу соғысы басталып кетті. Ирак үкімет армиясы Құрлықтық күштердің генерал майоры Шемсеттин Мұхаммед Анбери ДАИШ-қа қарсы халықаралық коалицияға тиесілі F-16 жойғыш ұшақтарының Талль-Афар қала орталығына және қала маңындағы террорлардың бекінісіне 13 мәрте әуе шабуылын жасаған. Ирак әскериінің айтуынша, операция түн ортасында жүргізілген. Бұл туралы «Анатолы» ақпараттық агенттігінің сайты жазды.

Анберидің айтуына қарағанда Ирак күштері Талль-Афар қаласын зеңбіректерімен атқылап, ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалицияға қолдау көрсеткен. Бір сәттік әуе және құрлықта жасалған шабуыл ондағы террорларға ауыр соққы болғаны анық дейді Ирак әскериі.

Талль-Афар Ирактағы екінші үлкен қала саналатын Мосулдан батысқа қарай 63 шақырым жерде орналасқан. ДАИШ-тың Ирактағы ең соңғы бекінісі. Осыдан бұрын Халықаралық коалиция жетекшісі Талль-Афарда 2 мыңнан аса ДАИШ содырларының бар екенін айтып, қаланы азат етудің біршама қиын болатынын ескерткен еді.

“The Qazaq Times”