ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуде Президентке Ұлттық банктің еліміздің қаржы секторын ілгерілету жөніндегі жұмыстарының қорытындысы туралы есеп берілді.
Қазақстан Президенті қазір ұлттық валютаның еркін айырбас бағамы саясатының жүргізіліп жатқанын айтып, Ұлттық банктің инфляция өсіміне жол бермеу жөніндегі міндетін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, Д.Ақышев Нұрсұлтан Назарбаевқа валюта және қаржы нарығындағы қазіргі ахуал туралы баяндады.
"Жалпы, ахуал тұрақты. Қазір тамыз айының басында ішкі және сыртқы сипаттағы жекелеген факторлар әсерінен болған ауытқулардан кейін айырбас бағамы тұрақтанды. Алаңдауға еш негіз жоқ", – деді Ұлттық банк төрағасы.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы