АҚШ-тың ядролық арсеналын толықтай жаңарту бағдарламасын жүзеге асырғанына 5 жыл болды. Сондай-ақ, ядролық қаруды жеткізуші ұшақ, суасты кемесі, зымырандарда бағдарлама ішінде қамтылған. Құрама Штат пен Солтүстік Корея арасындағы шиеленіс күшейген тұста, АҚШ президенті Трамп ядролық қуатты жаңарту жаңа баяндамасынан кейін, бағдарламаны 30 жылға дейін жалғастыруды жолға қойды. Жоспарды орындау құнын бастапқы есеп бойынша 1 трлн АҚШ долларын бөлуді ұйғарды. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымының онлайн қызметі егжей-тегжейлі жазды.
Трамп өзінің Twitter парақшасында, өзінің президент ретінде алғашқы берген пәрменінің бірі ядролық арсеналды дамыту екенін айтқан болатын. Қазір АҚШ ядролық арсеналын өткен кез-келген уақытта да қуатты етуге құлшынуда.
АҚШ ядролық арсеналын жаңарту бағдарламасы президент Обама тұсында бастап қолға алынды. 2010 жылы Обама үкіметі Ресей мен АҚШ арасындағы «Жаңа стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы шарт» келісімен қол қойды. Бұл кейін Республикашылдардың қолдауына алмасты.
Ал, АҚШ-тың ядролық арсеналды дамыту бағдарламасы әсте ядролық оқ тұмсықтардың санын көбейту емес еді. Солай бола тұрса да АҚШ ядролық оқ тұмсықтарының саны Солтүстік Кореядан әлде қайда көп екені анық. Наурыз кезінде ушыққан АҚШ-Солтүстік Корея мәселесі кезіндегі, АҚШ Қорғаныс тараулары жасаған мәлімдемеде суасты қайықтары мен шабуылшы ұшақтарына тиелген 1400-ден астам ядролық оқтұмсықтарының бар екені айтылған.
Уашингтондағы партиядан тыс зерттеу ұйымы «Қару-жараққа бақылау қауымдастығы» көрсеткен деректерге назар аударғанда, Солтүстік Кореяда шамамен 10 ядролық оқтұмсық бар.
Қаңтар айы кезінде, Трамп өзінің президенттік өкілеттілігін тапсырып алудан бұрын, АҚШ-тың ядролық қуатын арттыруға бастамашылық жұмыстарын қолға алған. Бұл үкіметтің АҚШ-та қабылданған ұлттық қауіпсіздік саясатындағы ядролық қарудың рөлін қайта қарауға және жаңартуға арналған қалыпты іс-қимыл болып табылған. Сонымен бірге, инновациялық ядролық арсеналдарды Конгреске заңнамалық бекітуін талап еткен.
Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының (Center for Strategic and International Studies) қорғаныс бюджетін талдау бөлімінің директоры Тодд Харрисонның (Todd Harrison) айтуынша, осы уақытқа дейін, бұрынғы үкіметтер ядролық қару жаңғырту бағдарламасында кез-келген ірі өзгерістерді қолға алған емес. Шын мәнісінде, бұл бағдарламаны жүзеге асыру, Трамп айтқандай, 6 немесе 7 айда жүзеге асыру мүмкін емес екен.
Обама үкіметі мен Республикашылдар партиясының бастамасымен Конгресс бастапқы жоба жоспарын 2031 жылға дейін деп бекітті. Бұл үш негізгі бағытқа бөлінген. Яғни, әуеде бомбылау, су астынан атылатын және жер астынан атылатын баллистикалық зымырандарға қондырылған ядролық қаруларды дамыту. Бұдан тыс су және құрлықта бірдей атылатын қанатты зымырандарды дамыту бағдарламасы да мұның ішіне кіреді.