Ауғанстанда Талибан террорлық ұйымының көшбасшыларының бірі Ахмад Шах өлтірілді, деп хабарлайды Oxu.az сайты «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.
Ауғанстанның Джаузджан провинциясының полиция басшысы Рахматулла Түркістанидің мәліметінше, тамыздың 7-сі күні Ауғанстан қауіпсіздік қызметі Джаузджан провинциясына қарасты Файзабад ауданында орналасқан Талибан қозғалысының жасырын базасына шабуыл жасаған. Әскери операция барысында Талибан қозғалысының «Кветта шуры» жоғары кеңесінің мүшесі Ахмад Шах пен оның төрт бірдей көмекшісі оққа ұшқан.
Қазіргі таңда Джаузджан провинциясында Ауғанстан әскерилері мен Талибан қозғалысы содырларының арасында кескілескен соғыс жүруде. Мардьян ауданында жергілікті полиция мен Ауғанстан әскері бірігіп Талибан содырланына ауыр соққылар жасаған. Бірақ осыны пайдаланып Джазуджан аумағында «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының содырлары да бас көтере бастаған.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?