Еуропада Нидерланды мен Бельгиядан тасымалданатын жұмыртқалардың құрамында улы фипронил табылғаннан соң, әуелі Германия, онан соң барлық Еуропа мемлекеттері дүкен сөрелерінен аталған өнімді алып тастап, сатылып кеткен тауардың зардабын қысқарту шараларын қолға алып жатыр. Енді атақты "жұмыртқа дауына" Ұлыбритания мен Франция да қосылды. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.
Фипронил ауыл шаруашылығында зиянкес жәндіктермен күреске қолданылатын улы зат. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен стандартқа сәйкес, оны адам тұтынатын мал мен оның өнімдеріне қолдануға болмайды. Еуропа комиссиясы жүргізіп отырған зерттеудің қорытындылары әлі толық дайын болған жоқ. Дегенмен, мәселенің Нидерландыдағы зауыттарды бірін дәрілеу процесінен басталғаны анық. Мұны Голландия Үкіметі мойындап, ел ішіндегі құс фабрикаларын жаппай жауып жатыр. Қазірдің өзінде барлық құс фермаларының 1/5 бөлігін құрайтын 138 фабрика жабылған. Бельгияда да 51 құс фермасы жұмысын тоқтатты.
Ұлыбритания мен Францияның азық-түлік өнімдерін стандарттау агенттіктері елге келген жұмыртқа таралымын тексеріп жатыр. "Зерттеу нәтижелері апта соңында белгілі болады", - деп хабарлады.
Ал Қазақстанда мұндай дау әлі бола қойған жоқ. Дегенмен біз де де мұндай зиянды заттарды пайдаланатын зауыттар жоқ емес. Ал оны тексеріп, ашық ақпарат таратып отырған ешкім жоқ.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі