Солтүстік Корея Үкіметі  АҚШ-тың бұл елге қарсы жүргізіп отырған қатаң саясаты оң бағытқа өзгергенге дейін зымыран сынақтарын жалғастыра береді. Дәл осындай мәлімдеме Пхеньянның "Нодон синмун" басылымында жарияланды.

Солтүстік Кореяның соңғы қару сынағына қатысты жарияланған мақалада: "Құрлықаралық баллистикалық "Хвасон -14" зымыранының сәтті ұшырылуы біздің халықтың және партияның үлкен күші мен революциялық сенімін көрсетті. Біз мұндай сынақтарды АҚШ-тың өз саясатын толықтай өзгертіп, біздің халқымыға жасаған тарихи озбырлықтары үшін тізерлеп тұрып, кешірім сұрағанына дейін жалғастыра береміз", -делінген.

Солтүстік Кореяның АҚШ-тың салқын қабақты саясатының өзгерісін қалайтындығын Оңтүстік Кореялық Ренхап ақпараттық агенттігі де жазды.

“The Qazaq Times”