Қазақстандық автоөндірушілерден түскен салық түсімі 1,2 млрд теңгеден асты. Мұндай мәліметті "ҚазАвтоПром" келтіріп отыр.
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанның авто саласындағы ең көп салық төлеуші - "АзияАвто". Компания мемлекет қазынасын 368 млн теңгеге толтырған және отандық автоөнірушлерден түскен жалпы салықтың 30,4 пайызы осы компанияға тиесілі. Салық төлеген автоөндірушілер ішінде екінші орында "СарыарқаАвтоПром" зауыты - 240,7 млн теңге салық төлеген. Ал "СемАз" зауытының төлеген салығы - 163,8 млрд теңге.
Сондай-ақ, салық төлеген автоөндірушілердің тізімін Hyundai Com Trans Kazakhstan (143,8 млн теңге, 11,9%), КАМАЗ-Инжиниринг (130,9 млн теңге, 10,8%), "Агромашхолдинг" (66,7 млн теңге, 5,5%), Daewoo Bus Kazakhstan (55,4 млн теңге, 4,6%) және "Уральскагрореммаш" (40,6 млн теңге, 3,4%) толықтырады.