Астана базарларында тұрақтандыру қорынан азық-түлік өнімдері сатыла бастады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Astana» ӘКК» ҰК» АҚ активтерді басқару департаментінің бас менеджері Әуез Қарабалаевтың сөзінше, шілдеде «Шапағат» коммуналды базарында 500 тонна қант өнімін сату жоспарланған.
«10 сауда нүктесінде тұрақтандыру қорынан қант өнімі келесіне 260 теңгеден сатылуда, «Шапағат» коммуналды базарында құмшекердің бағасы 10 теңгеге арзан», -дейді Әуез Қарабалаев.
Оның сөзінше, коммуналды базардың бәсекелестіктегі артықшылығы - жалға алушылар азық-түлік өнімін жеңілдікпен сатады. Республика Үкіметінің ұйғарымына сәйкес, бұл жерде азық-түлікке қосылатын үстеме баға 10 пайыздан аспайды екен.
Айта кетейік, ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі қант бағасына қатысты түсініктеме беріп, "бұл өнімнің бағасы жоспарланған деңгей бойынша өзгереді" дегенді айтқан болатын.