Израиль-Палестина қақтығысы қайта өршігелі тұрған тұста, Америка Құрама Штатындағы православ еврейлері Біріккен Ұлттар Ұйымы ғимаратының алдында Израильдің жолсыздығына қарсы наразылық акциясын өткізді. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты жазды.
Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ ғимараты алдында жиналған наразы топ қолдарына Палестина туын көтеріп, «Палестина палестиналықтарға қайтарылсын!» деп ұрандады. Олар Израиль үкіметінің әл-Ақса мешітінде жасаған шабуылын айыптап, бітпес қақтығысқа наразы екендіктерін білдірді.
Израиль үкіметі осыдан бұрын әл-Ақса мешітіне мұсылмандардың кіріп, құлшылық етуіне шектеу қойған болатын. Бұл бірнеше жылдан бері тынышталып қалған Израиль-Палестина арасындағы қақтығысты қайта өршітті.