2016 жылы білім беру ұйымдарының кірісі 1,7 трлн теңгеден асқан. 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (1,4 трлн теңге) көрсеткіш 21,4%-ға жоғары.
Статиситка комитетінің мәліметінше, негізгі және орта білім беру қызметінің үлесі жалпы кірістің 49,3 пайызын құрады. Жоғарғы білім беру орындарынікі 18,1 пайыз, мектепке дейінгі білім беру орындарының үлесі - 12,5 пайыз.
Дегенмен бұл ұйымдардың шығыны кіріспен бірдей. 2016 жылы шығын 1,7 трлн теңге болған. Шығынның көпшілігі, шамамен 1,1 трлн теңге (67,1 пайыз) жұмыс күшіне жұмсалған. Қызмет көрсетуге кеткен шығын 215,6 млрд теңгені (12,7 пайыз), басқа шығындар 176,3 млрд теңгені (10,3 пайыз) құраған.
Айта кетейік, осы жылдың қаңтар-наурыз айында Қазақстанның жоғарғы оқу орындарынан түскен салық көлемі 10,5 пайызға артқан. Комитеттің мәліметіне сенсек, 2017 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандық ЖОО-лар 5,1 млрд теңге салық төлеген. Көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 486 млн теңгеге артық.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?