Қазақстанда онлайн кредит алу қызметін ер адамдар жиірек пайдаланады. 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында олардың үлесі 53 пайызды құраған. Ал 2016 жылдың 12 айындағы көрсеткіш - 51 пайыз. Мұндай мәліметті MoneyMan.kz компаниясы келтіріп отыр.
Зерттеу нәтижесі бойынша қарыз алушылардың көбі еңбекпен қамтылған және жеке кәсіппен айналысады. Олардың ай сайынғы кірісі 120 мың теңгеден асады.
Сондай-ақ, онлайн қарыз алатындардың қалғаны 18-30 жас аралығындағы жастар. 2016 жылы мұндай клиенттердің үлесі 52,4 пайыз болған. Осы жылдың жартысында-ақ олардың 56,6 пайызы онлайн кредит рәсімдеген. Ал 31-40 жас аралығындағы онлайн қарыз лауға бейім және олардың үлесі - 26 пайыз. 50 жастан үлкендер қарыз алудың бұл түріне аса қызығушыдық танытпайды.
MoneyMan.kz компаниясының ақпаратынша, интернет арқылы кредит рәсімдейтіндердің 50,6 пайызы некелеспеген. Алайда 2017 жылы ресми немесе азаматтық некеде тұрғандардың 2,4 пайызы осы қызметті жиі пайдаланған. Нәтижесінде онлайн қарыз алғандардың арасында олардың үлесі 49,4 пайызды құрайды және тең жартысының балалары жоқ.
Сондай-ақ, онлайн кредит алушылардың жартысынан көбі (55,3 пайыз) жоғары білімді. 6,7 пайызының академиялық дәрежесі бар. 18,3 пайызы ЖОО-да білім алып жатқандар. Ал арнайы орта білімі барлардың үлесі 24 пайыз, орта білімділер - 2,4 пайыз.
Бұдан бөлек онлайн кредитті көбіне жұмысы қаржы немесе құқық саласымен байланысы бар қызметкерлер пайдаланады. 2017 жылы мұндай кредит алушылардың үлесі 17,3 пайызды құраған.