АҚШ-тың Гуамада орналасқан В-1 "Лансер" стратегиялық әуе атқыштары Оңтүстік Кореяның әскери әуе күштерімен бірігіп, Корей түбегінде оқу жаттығу жұмыстарын жүргізді деп хабарлайды Ренхап агенттігі.
Оңтүстік Кореяның әскери әуе күштері өкілінің берген ақпаратына сәйкес, әуе атқыштардың сынамасы Корей Халық Демократиялық Республикасының соңғы әрекеттеріне жауап ретінде жасалып отыр.
Әуе атқыштары Жапон теңізінің үстінен ұшып, солтүстік бағытта демаркациялық сызыққа дейін барған. Канвондо провинциясының үстінде олардың қатарына F15K және F16 жойғыштары қосылып, Солтүстік Кореяның негізгі нысандарына соққы беру жолдарын қарастырды.
Естеріңізге сала кетейік, 4 шілде күні Солтүстік Корея құрлықаралық баллистикалық "Хвасон-14" зымыранының сынамасы сәтті аяқталғаны туралы мәлімдеген. Зымыран 2 мың 802 км биіктікке көтеріліп, 933 км қашықтыққа ұша алады деп баға берілген. Дегенмен Оңтүстік Корея әскерилері зымыран қалыпты траекторияда ұшырылса, 7-8 мың км қашықтықты еңсере алады деген қорытынды шығарды. Бұл агрессия жағдайында қолданылатын зымыран Вонсан портынан ұшырылса, Аляска мен Сиэтлға жетуі мүмкін деген сөз.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау