Grand Chess Tour шахмат сериясының ұйымдастырушылары Сент-Луисте шахмат пен блиц бойынша өтетін турнирге әлемнің 13-чемпионы Гарри Каспаров қатысатынын хабарлады. 2005 жылы шахматтан кеткен ол арнайы осы турнир үшін өзінің спорттық карьерасын қайта жаңғыртпақ.
Үлкен спортты тастағалы тек шахматтан көрсетілім ойындарында ғана өнер көрсетіп келген Гарри Каспаров 2010 жылға дейін соңғы онжылдықтағы ең үздік гроссмейстер атанған норвегиялық Магнус Карлсеннің жеке жаттықтырушысы болды.
Турнирде берілген төрт wild-card-тың бірі Гарри Каспаровқа, қалған үшеуі шахмат рейтингінде екінші орында тұрған Хикару Накамура, сондай-ақ Сергей Карякин мен Вишванатан Ананд-қа табысталды.
Гарри Каспаров 1985 жылы тарихи жекпе-жекте Анатолий Карповты жеңіп, шахматтан әлем чемпионат атанған еді. Оның 1999 жылы орнатқан 2851 баллды құрайтын рекордты рейтингін 2013 жылы өз шәкірті Магнус Карлсен ғана жаңарта алды.