Енді Алматы қаласының тұрғындары метрода жолақы жетонын қолма қол сатып алған жағдайда 70 теңге артық төлейді, яғни жолақы 150 теңгені құрайды. Ал электронды картамен төлейтіндер үшін жолақы бұрынғыдай 80 теңге болып қалады. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбектің жарлығы электронды үкімет порталында жарияланған, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Жарлыққа сәйкес, Алматы территориясында күнделікті жолаушылар тасымалы бойынша дифференциалды тариф орнатылады. Қолма-қол емес төлем жасалған жағдайда жолақы мероплитенді қоса алғанда 80 теңге, ал жолақы метрополитен кассаларында қолма-қол төленген жағдайда 150 теңге.
Бұл жарлық заң органдарындағы мемлекеттік тіркеуге кіргеннен кейін күшіне енеді және ол ресми түрде жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жарлықта айтылғандай, қоғамдық транспорттардағы жолақы тарифін өзгерту Қазақстанның 2003 жылдың 4 шілдесінде қабылданған "Автокөлік транспорттары" туралы заңының 19 бөлімінің 2-1 пунктіне сәйкес және Алматы қаласының қоғамдық көліктеріндегі көлеңкелі қаржы айналымын жою үшін, сондай-ақ міндетті төлемдер және салық түрінде түсетін қаржы көлемін арттыру мақсатында, жолаушыларды қолма қол емес төлем тәсіліне тарту бойынша енгізіледі.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?