Монғолия өлім жазасынан бас тартты деп хабарлайды ca-news.org ақпарат көзі.
Монғолия парламентінде 2015 жылдың 3 желтоқсанында қабылданған өлім жазасы мен азаптаудан бас тартуға байланысты заң, шілденің 1-нен бастап күшіне енді. Осылайша биылдан бастап Монғолия әлемде өлім жазасынан бас тартқан 105 мемлекет болды.
Жалпы Орталық Азия елдерінде өлім жазасына Түркіменстан 1995 жылы, Қырғызстан 1998 жылы, Тәжікстан 2004 жылы, Өзбекстан 2005 жылы мораторий жариялаған болатын.
Ал Қазақстан 2006 жылы өлім жазасына мораторий жариялағанымен 2007 жылы ел Конституциясы "өлім жазасы тек террорлық қылмыс жасағандар мен соғыс уақытында ауыр қылмыс жасағандар үшін ғана қолданады" деп өзгертілген.
Соңғы рет Қазақстанда өлім жазасына 2016 жылы Алматыда террорлық шабуыл жасаған Руслан Күлекбаев кесілген.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?