АҚШ-тың барлау қызметінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденның кезекті видеожолдамасы Ресей халқын дүр сілкіндірді. Ол "56" телеарнаның тікелей эфирінде: "АҚШ-тан Ресейге жеткізілетін азық-түлік, дәрі-дәрмек, ауыл шаруашылық өнімдері мен өзге де тауарлардың 80 пайызы уланған", -деп мәлімдеді.
АҚШ-тан Ресейге келетін ет, балық, ауыл шаруашылық өнімдері мен алкогольсіз сусындар мен мейрамханаларға әкелінетін жартылай фабрикаттарға азық-түлік эмбаргосы қолданылмайды.
Э.Сноуден: "Адам ағзасына орны толмас зардабын тигізетін паразиттердің қауіпті түрлері АҚШ-тың құпия зертханаларында қолдан өсіріледі. Жануарларда сынамадан өткізілетін бұл паразиттерді адам ағзасынан анықтау мүмкін емес. Бір ғана мысал келтірейін: Ресейде адам өлімінің 87 пайызы инсульт әсерінен болады. Бұл кездейсоқтық деп ойлайсыздар ма?".
Аталған мәлімдеменің растығын қазір арнайы мамандар тексеріп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бұрын АҚШ-тың барлау қызметінің қызметкері Э. Сноуден Пентагоннан құпия деректерді ұрлап, әлемдік БАҚ беттерінде жариялап, өз мемлекетінің саясатын әшкерелеген болатын.


















Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі