Қазақстан стоматологтарының таза табысы 2016 жылы 3 млрд теңгеге жеткен. Бұл республикадағы тіс дәрігерлерінің соңғы 5 жылдағы рекордтық көрсеткіші. 2015 жылмен салыстырғанда таза табыс көлемі 40,7%-ға өскен, деп хабарлайды ranking.kz.
Сонымен 2015 жылмен салыстырғанда денсаулық сақтау саласында жұмыс істеп жатқан мұндай кәсіпорындардың табысы 7 млрд теңге болған. Ал 2015 жылы медициналық мекемелер 2,6 млрд теңге шығынға ұшыраған.
Стоматология ұйымдарының табысқа жетуі 2016 жылы халық табысының өсуімен байланысты екен. Сондай-ақ, табыстың артуына стоматология саласында ұсынылатын қызметтер бағасының жоғарылауы себеп болып отыр. Мысалы 2016 жылы тіс жұлу құны 2015 жылға қарағанда 10,5%-ға қымбаттап кеткен.
Өңірлер табысына мән берсек, Алматы бір жылда табысты 3,5 есеге арттырып, 4,8 млрд теңгеден 16,8 млрд теңгеге дейін көбейткен. Атырау облысындағы осы салада қызмет еткендер табысты 28,1%-ға арттырып, 1,1 млрд теңгеге жеткізді. Қостанайдағы табыс 23,7%*ға артық немесе 2 млрд теңгені құрады.