2017 жылдың 1 тоқсанында әлем қарызының жалпы көлемі 217 трлн долларға дейін жетті. Бір жыл ішінде 600 млрд долларға дейін ұлғайды. Халықаралық қаржы институтының шолуына сәйкес (Institute of International Finance, IIF), әлемдік жалпы ішкі өнімнің 327%-ына тең және рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды Ведомости.
Қарыздардың құрамына үкіметтің, банктердің, корпорациялардың, шаруа қожалықтарының алған қаржысы кіреді. Сарапшылардың айтуынша, қарыз деңгейі әртүрлі: мысалы кейбір елдерде оның көлемі артып жатсе енді бірінде керісінше, кеміп отыр.
Қарыз деңгейі бойынша рекордтық көрстекішке ие болып тұрған АҚШ пен Қытай. Екі елдің жалпы қарызы 2 трлн долларға дейін артқан. Қытайдың қарызы 32,7 трлн долларды құраса, АҚШ-та 63 трлн доллар. РБК сайтының жазуынша, америка қарызының ұлғаюына қарамастан, елдің экономикалық өсімі одан жоғары болған.
Ал Қытай қарызының ұлғаюына шаруа қожалықтары әсер еткен. 2017 жылдың 1 тоқсанында шаруа қожалықтар қарызының ЖІӨ-ге арақатынасы 45%-ды құрады және бұл ең жоғарғы көрсеткіш.
Сондай-ақ, дамушы елдердің жалпы қарызы 3 трлн долларға көбейіп, 56 трлн доллардан асты және ЖІӨ-нің 218%-ын құрады. Сонымен ЖІӨ-ге қатысты қарыз көлемі Қытайда, Чилиде, Колумбияда, және Түркияда ұлғайған. Ал Таиланд, Бразилия, Ресей және Венгрияда төмендеген.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді