ҚР Үкіметінің қаулысымен 1 шілде, сенбі күнгі демалыс 7 шілде, жұма күніне ауыстырылды.
Осылайша осы сенбіде жұмыс істеген қазақстандықтар келесі аптада 6, 7, 8 және 9 шілдеде 4 күн бойы демалады.
Жыл сайын 6 шілде күні тойланатын Астана күні Мемлекеттік мереке саналады. Оның мәртебесі еліміздің «ҚР-дағы мерекелер туралы» Заңының 3-бабында жазылған болатын.