Қазақстанның бизнес орталықтарында жеңілдік басталды. Осы жылдың басынан бері Қазақстаның 4 өңірінде, яғни Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облысы және Астана қаласында әкімшілік кеңсе ғимараттарын жалға алу бағасы төмендеген, деп хабарлайды Finprom.kz сараптама қызметі.
Бір жыл бұрын кеңселерді жалдау құны тек Қостанай облысында ғана байқалған. Сондай-ақ, Қазақстанда кеңселерді жалдау бағасы 2016 жылдың қаңтар-мамыр айындағы көрсеткішке қарағанда 0,6%-ға ғана көтерілген. Бұл соңғы бес жылдың алғашқы бес айындағы ең төменгі көрстекіш.
Баға өсімі барлық санаттағы кеңселерде бәсеңдеп жатыр. Мысалы 2017 жылдың қаңтар-мамыр айында "А" санатына жататын кеңселердің бағасы 0,3%-ға қымбаттаған. Ал өткен жылдың осы кезеңінде баға 3,3%-ға өскен еді. "В" және "D" санатындағы кеңселердің бағасы арендаторлар үшін 0,1%-ға қымбаттады. Бір жыл бұрын 1,4% және 4%-ға қымбаттаған.
Осы жылы Қызылорда облысында кеңселерді жалдау 2016 жылдың қаңтар-мамыр айына қарағанда 3,1%-ға арзандаған. Өткен жылы алғашқы бес айында баға индексі 0,5%-ға қымбаттаған. Маңғыстау облысындағы баға 2,6%-ға төмен. Ал Астанада офистік ғимараттар 0,9%-ға төмен.
Алматы қаласындағы баға керісінше, 2016 жылдың алғашқы бес айымен салысытрғанда 0,9%-ға қымбаттаған.
Айата кетейік, бұған дейін жылжымайтын мүлік сарапшылары Қазақстанда салынып жатқан коммерциялық нысандардың көбейгендігін және оларға деген сұраныстың аз екенін айтқан. Олардың сөзінше, алдағы уақытта да баға арзан болады.